Новости

Оқушыларды ізденуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту, көпшілік алдында сөз сөйлеуге дағдыландыру; оқушылардың ауызша ой – өрісін дамыту, туған тілін сүюге, қадірлеуге, мақтан етуге, тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге тәрбиелеу мақсатында "Тіл мәртебесі - ел мерейі" атты тіл айлығының аясында мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына "Тіл - ұлттың...
Денсаулық күніне орай 8 қыркүйек күні ұйымдастырылған апталық аясында мектебімізде аға тәлімгер Н. Ержакаеваның ұйымдастыруымен "Өзін-өзі" басқару ұйымы оқушылар мен мұғалімдер арасында "Денсаулығым - байлығым" тақырыбында сұхбат жүргізді. Сұхбат алу мақсаты- қоғамды салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау, спортпен айналысуға үгіттеу, дұрыс тамақт...

9 қыркүйек күні Денсаулық күніне орай мектебімiздiң аға тәлімгері Н. Ержакаева Жас Ұлан ұйымының белсенділерімен 2 сынып оқушыларына таза ауада флешмоб ұйымдастырды. Шара мақсаты - оқушылардың бойларын сергітіп, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау, физикалық қимыл-қозғалыстарын дамыту.

Мектебімiзде "Тіл мәртебесі - ел мерейі" атты тіл айлығының аясында "Тіл - алтын қазынам" тақырыбында 5-9 сынып оқушылары үш тілде эссе жазды. Бұл шығармашылық байқаудың мақсаты-оқушылардың тіл туралы өз ой-пікірлерін қағазға түсіруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тіл мамандары байқауды қорытындылап, оқушылар марапатталатын болады.
Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінде 6 қыркүйек күні "Денсаулық күні" апталығы бастау алды. Апталық аясында арнайы құрылған жоспарға сай іс-шаралар оздырылады. 7-8 қыркүйек күндері мектеп медбикесі С.А.Урналиева "Гигиена және біз" тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына дәріс сабақ ұйымдастырып, оқушылардың тазалықтарын тексерді.

"Денсаулық күні" апталығы аясында мектебімізде 6 қыркүйек күні бастауыш сынып оқушылары арасында "Тазалық - денсаулық кепілі!" атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқау қорытындыланып, қатысушы бүлдіршіндер марапатталды.

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні мектебімізде "Денсаулық күні" апталығы аясында оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру,эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімдері оқушыларға таза ауада эстафеталық ойындар ұйымдастырды.

Интернат тәрбиеленушілердің интернат өміріне бейімдеуін, мінез-құлқын, эмоциялық көңіл-күйін байқау мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББ мектеп психологтары "Мен және менің көңіл-күйім " атты психологиялық тренинг жүргізді. Тренингке интернат тәрбиеленушілері белсене қатысты, өз ойларымен бөлісіп, өздерін еркін сезінді.

"Тіл мәртебесі - ел мерейі!" Мектебімізде тіл апталығы аясында оқушыларды өз тілін құрметтеуге, сыйлауға үйрету мақсатында "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Тіл мамандарының ұйымдастыруымен өткен отырыс барысында үш тілдің, яғни қазақ, орыс, шетел тілдерінің мәртебесі туралы талқылау жүргізілді.

"Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет" жобасы Бүгін, 6 қыркүйек күні "Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет" жобасы аясында мектебіміздің биология пәні мұғалімі А.Зиналиеваның бастауымен оқушыларымыз мектеп ауласындағы гүлдердің тұқымдарын жинады. Мақсаты - оқушыларды еңбекке баулу, табиғатты аялай білуге үйрету, оқушыларды э...