Мектебімiзде "Қоғамға қызмет" жобасы аясында кіші қызметкерлерге алғыс білдіру, сыйластық қарым-қатынас орнату мақсатында "Алғыс айту - парызым!" атты мерекелік іс-шара оздырылды. Шараны мектеп директоры Г.Дуйсенова жылы лебізімен ашып, мектеп психологы С. Валиева кіші қызметкерлермен "Сәлемдесу", "Лабиринт" және "Оркестр" психологиялық тренингтерін өткізді. Мерекелік шара барысында ән айтылып, баянда музыка ойналып, әрiптестеріңіздің көңіл-күйлері көтеріліп, бір серігіп қалды.
Сонымен қатар мектебіміздің Кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хаттар беріліп, сыйлықтар ұсынылды. Атап айтқанда, әрқайсысына Ғ. Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясында өтетін концертіне билеттер берілді.
Алғыс айта жүрейік!