26 қазанда Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің жанындағы интернат тәрбиеленушілеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-бүгінгі күн талабы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру және өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу,патриоттық тәрбие қалыптастыру.
Тәрбеленушілерге тақырыпқа сай бейне ролик көрсетіліп, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейтті.Тәрбиешілер өз ойларын еркін жеткізе біліп, қабілеттерін дамытты.