Ұлттық құндылықтар-тәрбие негізі.
Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі сан ғасырларға созылған өзіндік тарихи тағылымы, ой-пікір қорытындылар түйіні бар. Ал ол жазу-сызудан, оқу құралынан, ауыз әдебиетінен, ұлттық өнер тағылымынан, халықтың дәстүрі мен әдет-ғұрпынан, бір сөзбен айтқанда мәдени мұраларынан өзекті орын алып, көрініс береді. Өткеннің бай рухани мұрасын тал бойына дарытқан озық өнегелі дәстүрсіз, ұрпақтар сабақтастығынсыз тарихи процесті елестету мүмкін емес.
Мектебімізде "Ұлттық құндылықтарды ұлықтайық" апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі М. Медетова "Ұлттық ойындарды насихаттайық" тақырыбында 3"Б" сынып оқушыларына ұлттық ойын түрлерін ойнатты. Оқушылар көптеген ұлттық ойын түрлерімен танысып, қызыға ойнады.