bkogov.kz Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіз! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.
Ы.АЛТЫНСАРИН атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ. Алтынсарин"
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТАСҚАЛА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
bkogov.kz
Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіз! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.
AA+
Ы.АЛТЫНСАРИН атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ. Алтынсарин"
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТАСҚАЛА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. 

Дұрыс тамақтану ережелері:

• Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;

• Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;

• Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.

2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.

4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.

5. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.

Бүгін мектебімізде медбике С.Урналиева оқушыларға  «Дұрыс тамақтанудың ағзаға әсері» тақырыбында дәріс оқыды. Сонымен қатар тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, дұрыс тамақтану режимі, ағзаға пайдалы тағам туралы кеңес беріп, оқушыларға жадынама таратылды.

Атауы Жүктеу
1
2/5